Мектеп оқушысы мұғалімін атып тастады
Түркияда мектеп оқушысы мұғалімін тапаншамен атты.

Оқиға Афьонкарахисар қаласында болды. Оқушысы мұғалімді аяғынан атқан.
Жоғары сынып оқушысы тапаншаны гитараның қабына салып, өзімен бірге мектепке әкеледі. Кейін мұғалімімен жанжалдасып қалып, тапаншамен оның аяғын жарақаттайды. Мұғалім оқушы сабаққа келмегендіктен ұрысқан болу керек.
Оқ атылған соң мектепке дереу полиция мен дәрігер шақырылды. Жедел жәрдем қызметі зардап шегушіні алып кетті. Полиция кінәлі оқушыны жауапқа алды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ