Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде мектеп, аурухана мен балабақша салынбаған аудандарға көп қабатты үйлер салуға тыйым салынады

30 жылдан көп пайдаланып келе жатқан мектеп, балабақша мен колледждердің ғимараттары әр 5 жыл сайын тексерістен өтеді. Сондай-ақ, мектеп, балабақша мен аурухананы салып алмай көпқабатты тұрғын үйлерді салуға тыйым салынатынын айтты.  Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

мектеп

Депутат мәжілістің жалпы отырысында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды. 

Комитет төрағасы Аймағамбетов соңғы кезде мектеп ғимараттарының төбелерінің құлауы сияқты фактілер жиеленіп кеткенін атап өтті. Сондықтан, осындай, біраз жылдар бойы жұмыс істеп тұрған ғимараттарды әр 5 жыл сайын тексеріп тұруды ұсынды.  

"Заң жобасында 30 жылдан көп пайдаланып келе жатқан мектеп, балабақша мен колледждердің ғимараттарын, әр 5 жыл сайын апаттылық қауіпі бойынша тексеру туралы норма ұсынылды. Тағы бір проблема, кішкентай балалардың терезелерден құлауы. Өкінішке орай соңғы екі жылда жүздеген бала терезеден құлаған. Осыған орай заң жобасымен терезелерді арнайы қауіпсіздік механизмдерімен немесе құлыптарымен қамтамасыз ету міндеттеледі”, – деді депутат өз баяндамасында. 

Асхат Аймағамбетов әлеуметтік нысандармен, мектептер мен балабақшалармен қамтамасыз етіп алмай тұрып көпқабатты үйлерді салу проблемасына да тоқталды. Әсіресе мегаполистерде.  

“Осының кесірінен жүмыс істеп тұрған мектеп үш ауысымға көшеді, балалардың денсаулығына қауіп төнеді, ал енді мектеп салайын десе жақын жерде  бос жер де қалмайды. Осыған орай заң жобасына жаңа талап енгізілді. Енді мектеп, балабақша мен аурухананы салып алмай көпқабатты тұрғын үйлерді салуға тиым салынады”, – деді ол. 

Депутат заң жобасында жетім балалар үшін жаңа тәлімгерлік институтын енгізу бойынша да норма ұсынылып отырғанын мәлімдеді. 

"Ол не үшін керек? Бұл институт 10 жастан асқан, балалар үйлерінде  тәрбиеленетін жетім балаларды  әлеуметтендіруге және өмір сүру жағдайларына бейімдеуге қосымша мүмкіндік береді. Тәлімгерлер, волонтерлік тәртіпте, яғни ақысыз, балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлығына алып, оларға қолдау көрсетуге, әлеуметтендіру жұмысын жүргізуге мүмкіндік алады.Тәлімгерге, оларды бақылауға, олардың жауапкершілігіне  қатысты нақты, әрі қатаң талаптар қарастырылды. Балалар үйі, білім басқармасы мен тәлімгер арасында барлық қарым қатынастар шартпен реттеледі", – деді Аймағамбетов. 

Талқылау