Мексикалық бойжеткен "Әлем аруы-2021" байқауында жеңіске жетті
26 жастағы мексикалық бойжеткен Андреа Меза "Әлем аруы-2021" атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы бестікке Бразилия, Үндістан, Доминикан республикасы және Перу мемлекеттерінің өкілдері еніпті.
Айта кетсек, "Әлем аруы" байқауы өткен жылы өткізілмеген еді. Биыл сұлулық сайысы АҚШ-тың Холливуд қаласында ұйымдастырылған.
Қазақстанның намысын 19 жастағы қызылордалық бойжеткен Камилла Серікбай қорғады. Камилла - С. Демирел атындағы университеттің заң факультетінің студенті.
"Қолдау күтемін": Биылғы "Әлем аруы" байқауына Қазақстан атынан кім қатысады

Еске салсақ, 2019 жылы "Әлем аруы" байқауында ОАР тумасы Зозибини Тунци жеңіске жеткен еді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды