Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мексикада COVID-19-бен ауырған науқастан "қара зең" анықталды

Мексика штатының дәрігерлері қант диабетімен ауыратын 34 жастағы ер адамда мукормикоз анықтады. Ауру белісі науқас COVID-19-бен ауырғаннан кейін пайда болды, қазір науқастың өміріне қауіп төніп тұр.

Мейірбике ауруханада өлім аузында жатқан науқасты тірідей

"Оториноларинголог дәрігер оған мукормикоз, "қара зең" диагнозын қойды. Оған жедел түрде ота жасау керек", – дейді науқастың ағасы.

Грегорио Авендаьоға 10 мамырда COVID-19 диагнозы қойылған. Қант диабетіне қарамастан, ол аурумен жақсы күресіп, емделген соң жұмысына қайта оралды.

Авенданьоның жағдайы 26 мамырда нашарлап, үш күннен кейін ауруханаға бет нервтерінің сал ауруымен жеткізілді.

1 маусымға дейін науқас сөйлей алмай қалды, енді дәрігерлер оның сол көзін алып тастайды.

Мукормикоз немесе “қара зең” – бұл саңырауқұлақ инфекциясынан туындаған асқыну. 

Ауру қант диабетімен ауыратын адамдарға, сондай-ақ аурумен күрескеннен кейін иммунитеті төмендейтіндерге, атап айтқанда коронавирусқа өте қауіпті. Жақында Үндістан мен Иракта аурудың өліммен аяқталатын жағдайлары анықталды.

Мөлдір Төлебай
Жұма, 04 Маусым, 2021 07:26
Талқылау