Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мексикада аптап ыстықтан 90 адам көз жұмды

Мексикада жыл басынан бері аптап ыстықтан 90 адам көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі aa.com порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото pixabay

Мексикалық БАҚ хабарлағандай, Веракрус, Табаско, Тамаулипас, Нуэво-Леон және Сан-Луис Потоси сияқты Штаттарда өте жоғары температураның әсерінен қаза тапқандар саны артып жатыр.

Мексика Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, тек 29 мамырдан 5 маусымға дейін 29 адам аптап ыстықтың салдарынан көз жұмған. Екі мыңға жуық адам ауруханаларға ыстыққа шағымданып жүгінген.

Ұлттық ауа райы қызметі (SMN) алдағы күндері елде өте жоғары температура толқыны жалғасатынын жеткізді. Сол себепті созылмалы аурулары бар адамдарға белгілі бір уақытта қажет болмаса далаға шықпауға кеңес берді. 



Мексиканың ұлттық автономиялық университеті (UNAM) мамырдың соңғы 15 күнінде ел тарихындағы ең жоғары температура болғанын алға тартты. Мексиканың 14 штатында ауа температурасы 40 градустан асады. 

Еске салсақ, климаттың өзгеруі Қазақстанға қалай әсер ететінін хабарлаған едік.

Талқылау