"Медбике өмірден озды": Балалар омбудсмені ШҚО-дағы балалар үйінде бүлдіршінді ұру дерегіне қатысты пікір білдірді
Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева балалар үйінде медибикенің баланы ұрып-соққаны түсіп қалған видеоға қатысты пікір білдірді. Оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған екі видеодан әйелдің балаларды ұрып-соққанын көруге болады. Ол бүлдіршіндерді итеріп, ұрып, еденде сүйреткен. Видео авторының сөзінше, оқиға ШҚО-дағы мамандандырылған балалар үйінде болған.
Динара Закиеваның сөзінше, желідегі видео 2019 жылы түсірілген.
"Аталмыш факт бойынша сол жылы қылмыстық іс тіркелді. Сонымен қатар, мейірбике теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Мейірбике өмірден озды", – деп жазды ол.
"Болашақ ойындары – 2026": Ауқымды сайыста Қазақстан намысын кімдер қорғайды
Сайыстың басталуына да санаулы күн қалды, ал ел намысын 5 команда қорғамақ
Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады
Бүгінде нарықтағы бірқатар компаниялар туған күніне орай нақты бонустар есептейді