Мәжіліс Елбасы туралы заңның күшiн жою бойынша құжатты қарайды
Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасын қарайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Заң жобасын депутат Арман Қожахметов таныстырды.
“Аталған заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. Атап айтатын болсақ, үстіміздегі жылғы 8 маусымдағы Заңмен Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата Заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды”, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Арман Қожахметов.
Депутаттың сөзінше, бұл заң жобасымен құқықтық негіздің жоқтығын ескере отырып, тиісті Конституциялық заңның күшін жою көзделеді. Дауыс беру нәтижесінде депутаттар заңды қарауға алды.
"Аяғын орындыққа қойып отырады, жарқылмен қайта-қайта видео түсіреді": Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы әдепсіздіктер туралы айтты
Дарья да кинотеатрға баруды әлдеқашан қойғанын айтып, көрермендердің мәдениетіне шағымданды
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады
8 маусымдағы сот отырысына Александр Пак онлайн қатысты