Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары сепаратистердің мәлімдемесінен кейін Намазбаев пен Боранбайдың ісін қайта қарауды талап етті

Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы сепаратизм жағдайын алға тартып, түрмеде отырған белгілі белсенділер Данат Намазбаев пен Марғұлан Боранбайдың ісін қайта қарауды талап етті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

намазбаев боранбаев коллаж

"Биыл 19 наурызда Петропавлда 19  сепаратист “Халықтық кеңес” ұйымын құрып, Қазақстан Тәуелсіздігін мойындамайтынын жариялады. Тек қоғамдағы үлкен шудан соң облыстық құқық қорғау органдары “қылмыстық іс қозғалды” деген болар-болмас хабар таратты.… Оған дейін жарты ай өткенше, олар қайда қарап келген? Қылмыстық Кодексте мемлекет біртұтастығын бұзуға шақырғандарға қатаң жаза бар. Ал осы қылмысқа барған 19 сепаратист түк болмағандай,  үйлерінде отыр. Ал сепаратизм қаупін алдын ала сезіп, батыл қарсы шығып күрескен марғасқа Марғұлан Боранбай үш жылдан бері тас түрмеде жатыр", - деді депутат Қазыбек Иса сәрсенбі күні мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде.

Басқа да бірқатар депутаттар сепаратизмге қатысты осындай мәлімдемелер жасады. Мәселен, мәжілісмендер Ермұрат Бапи мен Абзал Құспан Марғұлан Боранбаев пен Данат Намазбаевтың ұлттық мүддені сепаратистерден қорғағаны туралы жаңадан анықталған мән-жайларға байланысты және Қазақстанға қарсы шабуыл жасаған ресейлік саясаткерлердің жазасыз қалуына байланысты қылмыстық істі қайта қарау қажет деп санайды. Сондай-ақ депутаттар ұлттық мүддені қорғауды жақтаған тағы бір белсенді –Ермек Нарымбайдың қамауда отырғанына да назар аударған.



"Сепаратистік ағымдардың қауіптілігін, мұндай ағымдарды басу қажеттігін алдын ала айтқан азаматтарымыз айыпталды. Мысалы, Марғұлан Боранбаев сияқты азаматтарымыз түрмеде жазасын өтеп жатыр. Сондықтан бүгінде бірнеше сауалда мұндай істерді қайта қарау керек деген мәселені қайта қарау керек деген мәселе көтерілді. Ұлттық мүддені жақтайтындар бар, бізге тең жағдай керек. Неге біз сепаратизм қаупін айтқандарды түрмеге жабамыз да ал елден бөлінгісі келетіндерді назарға алғымыз келмейді?! Еш қарсылығым жоқ, гуманизм болуы керек, бірақ бұл екі жақты жол. Әділ Қазақстан үшін бұл да тең көзқарас, әртүрлі мәлімдемелер үшін бірдей жауапкершілік екенін түсіну керек", - дейді мәжіліс сөйлеген жауап берген депутат Азат Перуашев.

Еске салайық, 2022 жылдың наурыз айының ортасында Намазбаев пен Боранбай араздықты қоздыру және билікті басып алуға шақыру ісі бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылған. Намазбаев пен Боранбаев бірнеше рет ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қарсы агрессивті шабуылдарына қарсы шығып, Ресеймен интеграциялық байланысты нығайтуға белсенді түрде қарсылық білдірген. Бұған қоса, олар Ресей әскерлерінің Украинадағы әрекетін сынаған.

Талқылау