Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары майнерлер үшін электр энергиясы тарифін көтеруді ұсынды

Парламент мәжілісінің депутаттары майнингтік компаниялар үшін электр энергиясы тарифін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі . 

майнинг

Бұл ұсынысты Қазақстан Халық партиясының депутаты Жамбыл Ахметбеков палатаның пленарлық отырысында ҚР вице-премьері Роман Склярға сауалы кезінде айтқан.

Мәжілісмен 2017 жылы Энергетика министрінің бастамасымен "Электр энергиясы туралы" заңға өзгеріс енгізіліп, дифференциялық тариф алынып тасталғанын еске салды. Бұдан кейін тұтынушылар, солардың қатарында шағын және орта бизнес елеулі шығынға ұшыраған.

"Қазақстан Халық партиясының фракциясы 2011 жылы енгізілген тәулік зонасы бойынша дифференцияланған тариф сұрағына қайта оралу қажет деп санайды. Бұл электр энергиясын үнемді пайдалануға септігін тигізіп келген еді. Түнгі уақытта жұмыс істейтін кәсіпорындар өз қаржысын үнемдейтін. Сонымен қатар жүйе қуат жүйесіне түсетін салмақты реттейтін", – деді Ж.Ахметбеков.

Оның сөзінше, дифференцияланған тарифті біріктірген соң құрылысқа инвестор тарту жүйесі түсінікті бола түседі. Себебі инвестор кешкі максимумның қуат бағасын көреді, сәйкесінше өз пайдасын да біле алады. Сонымен қатар тапсырыс берушіге де электр қуатының бағасын біліп, келісім жасау да оңайға түседі. Бұл болашақта электромобильдер мен цифрландыруды, "ақылды желі" жүйесін біріктіруге де тікелей қатысты. 

"Қазақстанға шетелден келетін майнерлер электр қуатының көлеміне елеулі әсер етеді. Олар электр қуатын көп пайдалана отырып, табысын шетелде еселеп келеді. Әрі елімізге еш пайдасын тигізіп отырған жоқ. Осыған байланысты майнингтік фермаларға арналған заң жобасын енгізу қажет. Сонымен бірге электр қуатына арналған арнайы тариф қосуымыз керек", – деп түйіндеді депутат. 

Талқылау