Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майк Тайсон: Анам маскүнем, әкем сутенер болды

Америкалық спортшы Майк Тайсон Synergy Global форумында кедей отбасыдан шығып, қалайша чемпион болғанын айтып берді.

Бруклиннен шыққан бала ауыр салмақтағы ең жас чемпион болды. Одан бөлек бизнеспен айналысып, кино саласына араласты. Tyson Coin криптовалютасын қолға алды. Ол 50 рет ежңіске жетіп, оның 44-інде қарсыласын нокаутпен құлатқан. 1986 жылы Тревор Бервикті жеңіп, ең жас чемпион атанды. Ол Iron Mike Promotions компаниясының негізін қалаушы. Компания зорлық көрген балаларға көмек көрсетіп, балалар теннисімен айналысады.

Тайсонның Азия, Африка, Еропа, Оңтүстік, Солтүстік Америка елінде спортзал желісі бар. Қараша айында күш беретін сусын шығару бизнесін қолға алғанын айтқан еді.

Спортшының айтуынша, бала күні қиындықта өткен.

«Мен Американың кедей ауданында өстім. Өмірім қиын болды. Анам – маскүнем, әкем сутенер болды. Дұрыс тәрбие алмадым. Сондықтан заңға қайшы әрекеттер істеп жүрдім», – дейді Тайсон.

Алайда спортшының өмірі алғашқы бапкері Касс Д’Аматомен танысқан соң күрт өзгерген. Ол кезде Тайсон 13 жаста ғана еді.

«Тек қана жаттығу жасадым. Сен ең мықты болу керексің. Қыдырғың келсе де ешқайда бармайсың. Темекі шегіп, ішімдік ішкің келсе, ешқашан ччемпион болмайсың деді. Сондықтан күн сайын жаттықтыратын. Менде чемпион болудан басқа жоспар болған жоқ. Менде сол уақытқа дейін арман да болмапты», – дейді Тайсон.

«Қазір менде басқа жоспарлар. Қазіргі жоспарымның бәрі отбасыммен байланысты. Мен отбасылы адам болдым», – дейді ол.

Тағы да оқыңыз:

Майк Тайсон: Мен Головкиннің жанкүйерімін

Майк Тайсон бала күнінде сексуалды зорлықтың құрбаны болғанын мойындады

АҚШ-қа көшкен ғалым: Қазақстанда ғылым құрдымға кетеді

Талқылау