Мәскеуде ұшақ өртенді: 41 адамның мерт болғаны хабарланды
Мәскеудегі ұшақ өртенді. Ресейдің тергеу комитеті 41 адамның қаза болғанын мәлімдеді.

5 мамырда Мәскеуден Мурманскке ұшып бара жатқан Sukhoi Superjet 100 ұшағы борттағы қиындықтарға байланысты Шереметьево әуежайына оралуға мәжбүр болды. Қону кезінде ұшақта өрт болды.
Ұшақта 78 жолаушы мен экипаж мүшелері болды. Ресей Федерациясы тергеу комитетінің дерегі бойынша, 41 адам қайтыс болды. Олардың ішінде балалар бар.
6 адам жарақат алды, олардың үшеуі қарқынды терапияға жатады. Зардап шегушілер ингаляциялық жарақат алып, денесі күйді, иістен уланды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған