Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде қаза тапқан Томирис Байсафаның анасын сот залынан шығарып жіберді

Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық Томирис Байсафаның анасын сот залынан шығарып жіберген. Алқабилер соты бүгін үкім шығаруы керек еді, енді отырыс келесі аптаға кейінге қалдырылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жанна Ахметованың айтуынша, жақында тараптардың жарыссөздері өтті. Сол сотта әйелді залдан қуып жіберген.

"Мен адвокаттар айтқан өтіріктерге пікір білдірдім, олар алқабилерді алдады, мен ескерту жасадым. Бұл сотқа ұнамады, мені шығарып жіберді. Сот залында не болғанын толық білмеймін, олар мені отырыстың басында шығарды. Бірақ біздің тарапымыз, айыптаушы тарап шығып кеткенім өте жақсы болғанын, өтіріктерді естігенімде, жүрегім тоқтап қалуы мүмкін екенін айтты", – деді Томирис Байсафаның анасы.



Оның сөзінше, қорғаушы айыпталушы Муртузали Меджидов пен оның достарының айғақтарына сүйенеді. Олар Томирис Байсафаның өзіне-өзі қол жұмсағанын айтады.

"Дүйсенбіде алқабилер үкім шығарады, содан кейін сот үкім шығарады. Бүгін шығаруы керек еді, бірақ белгісіз себептермен дүйсенбіге қалдырылды", – деді Жанна Ахметова.

Еске сала кетейік, Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен еді. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.

Кейін Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов Томирис Байсафаны өліміне қатысты күдікті ретінде ұсталғаны хабарланды.

Талқылау