Мәскеудегі қазақстандық стилистің неден қайтыс болғаны анықталды
Ресейде жұмыс істеген стилистің қандай жағдайда қайтыс болған анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР СІМ-ге сілтеме жасап.

Қазақстан азаматы жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмды. "Мәскеудегі Хамовник ауылындағы полицияның хабарлауы бойынша, сұлулық салонында қайтыс болған жігіт Қазақстанның азаматы болған. Қазіргі уақытта осы факт бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәліметтерден марқұмның жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғаны белгілі болды", — деп жазады СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Осыған дейін Мәскеудегі сұлулық салондарының бірінен қазақстандық 53 жастағы ер адамның мәйіті табылғанын жазған едік. Марқұмның Ресейде уақытша тіркеуі болған.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған