Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мәселе шешілді": "СҚ-Фармация" басшысы дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі туралы айтты

"СҚ-Фармация" басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мәселесін мойындады. Ол "мәселенің шешілгенін" атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"El Tiregi" YouTube-арнасындағы тікелей эфирде Ерхат Есқалиев Қазақстандағы дәрі-дәрмектермен байланысты мәселелер туралы айтты. "СҚ-Фармация" төрағасы компания тек мемлекеттік мекемелерге жауап беретінін атап өтті.

"Бізді барлық жекеменшік дәріханаларға жауапты деп ойлау - қате. Депутаттар растағандай емес. Бірақ бізден жауапкершілікті ешкім алып тастамайды. Дәрі-дәрмек қоры төмендеген кезде (мемлекеттік мекемелерде -ред.) адамдар жеке дәріханалардан сатып ала бастады. Сол кезде дәрі тапшылығы болғанын біз мойындаймыз. Алайда, менің ойымша, бұл мәселе өз шешімін тапты", - деді Ерхат Есқалиев.

Сондай-ақ басқарма төрағасы әкімдерге "жеке нарықты қарау" тапсырылғанын атап өтті.

"Мемлекеттік мекеме тарапынан жеке нарыққа мұндай "ағын"болмайды. Біз барлық қоймаларды толтырдық", - деді Ерхат Есқалиев.

Талқылау