Мас күйінде көлік айдаған: Павлодар облысында әкім қамауға алынды
Павлодар облысынның Ақжар ауылының әкімі қамалды. Ол қызметтік көлікпен көрші тұрған Шығыс Қазақстан облысына барған. Әкімді Курчатов қаласының жол сақшылары тоқтатып, оның орташа күйде мас болғанын анықтапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.
Тәртіп бұзып, көлік тізгініне отырған ауыл әкімінің ісі енді аймақтың Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралмақ. Сондай-ақ, сот оны 15 тәулікке қамап, 7 жылға дейін көлік басқару құқынан айырды.
"Май ауданы Ақжар ауылдық округінің әкімі Құсайыновқа қатысты Әдеп жөніндегі кеңес төрағасымен тәртіптік іс қозғалды. Тәртіптік іс бойынша қазіргі таңда қызметтік тексеру амалдары жүргізілуде. Нақты әкімге қатысты шешім Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында шығарылады", - деді мемлекеттік қызметі істері агенттігінің Павлодар облыстық департаментінің бас маманы Руслан Иманқұлов.
Шенеунік Серік Құсайыновтың Ақжар ауылына әкім болып келгеніне 10 жылдан асқан. Аудан әкімі Марат Ақтаев, оның бұрын ондай оғаш қылығын байқалмағанын жеткізді.
"10 жылдан аса әкім болып істейді, мемлекет жұмысында. Бұдан көп, 15 жылдай болды, жұмыс істеп жатқанына. Негізінде жұмысында заңбұзушылық ондай болған емес. Негізінде шығу бәріне сұраныссыз. Рұқсатсыз шығуға болмайды. Сол жерде, сондай бір бұзушылық болған. Оған заң жүзінде шаралардың бәрі қабылданды", - деді Май ауданының әкімі Марат Ақтаев.