Мас болып қалған ұшқыштар Шотландиядан АҚШ-қа ұшып кетпекші болған
Глазго әуежайының полициясы United Airlines әуе компаниясының екі ұшқышын тұтқындаған.

Фото: optika4.ru
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Олар мас күйде бола тұра Америкаға ұшып кетуге талпынған. Ұшқыштардың мас күйде ұшпақшы болған байқаған куәгерлер полицияға шағым түсірген. Екеуі де алдағы уақытта Пейсли қаласының сотына шақырылмақ.
Өз кезегінде United Airlines әуе компаниясының өкілдері екі ұшқыштың жұмыстан шеттетілгенін және компания аталған жағдайды зерттеп жатқанын хабарлады.
Оқиға нәтижесінде басқа ұшқыштар шақырылып, ұшақ Америкаға 10 сағат кешігіп ұшқан. Ал әуе кемесінде 141 жолаушы болған.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған