Соңғы жаңалықтар

"Марленнің кінәсі жоқ": Адам өліміне қатысты айыпталған жігіттің сүйіктісі барлығы аяқталғанын жеткізді

Қазақстанға ерекше махаббат хикаясымен танылған Марлен мен Анель биыл тағы БАҚ назарына түсіп еді. Анельдің 7 жыл аурумен арпалысып, өлім мен өмірдің ортасында болғанына қарамастан жанынан бір елі ажырамаған Марлен жақында істі болған еді. Атырау қаласындағы төбелес кезінде көзге іліккен Марлен сотқа тартылған. Дегенмен 16 қарашада Анель желіде жазба қалдырып, ғашығының судан - ақ, сүттен - таза екенін айтып оқырмандарынан сүйінші сұрады. Stan.kz тілшісі осы іске қатысты Атырау облыстық полиция департаментінен пікір алды. 

"Бізде әділдік жоқ! Өйткені қасындағы куәгерлер Марленді танып, бірден Марлен ұрды деп жалған ақпарат таратады. Марлен кетіп қалғаны рас, адвокатсыз келгісі келмеді. Аз уақыттан кейін ойлағанымыз шын болады. Марлен ұрды деп қасындағы бажасы мен дос баласы көрсеткен. Осы "дәлелмен" Марленге санкция беріп жібереді! Санкция Марленді күдікті ретінде қамауға алынатын соттың шешімі! Содан 1 айға жақын уақыт өтеді,  полицейлер Марленнің қайда екенін біледі, Марлен адвокатпен барады, іс қозғалады...", - дейді желідегі постында Анель.

Анельдің айтуынша, органдағылар Марленге қылмысты "мойында" деп айтқан. Бірақ сол күнгі оқиғаны көрші бейнежазбаға түсіріп алған екен. 

"Марлен Аллаһтын атымен ант етіп, қаза болған жігітке қол ұшы тимегенін айтады. Әрине, ант еткені дәлел емес. Органдағылар Марленге “мойында” дейді! Содан Аллаһтың қалауымен толық видео бар екенін білеміз. Төбелес басталғаннан жедел жәрдем келгенге дейінгі видео табылады. Балконнан бір кісі түсірген екен. Аллаһ - әділ. Сол видеода Марленнін марқұмға қол ұшы тимегені, ұрмағаны айдан анық көрініп тұр. Сол видеоның табылғанына мың да бір шүкір. Видео шыққасын барлық іс 180 градусқа өзгереді. Марленге қарсы куәлік еткендер кешірім сұрап, барлығын өз еріктерімен өзгертті. Барлық дәлелді жинадық, сот болды, Марленді ақтап шықты", - деген Анель оқиғаның байқаусызда болғанын айтып қалды.



Еске салайық, Атырау облысының Құлсары қаласында болған төбелесте 35 жастағы азамат көз жұмған еді. Тұрғынның өлімі Марленге "жабылған".

"Тапа-тал түсте барлығының көзінше болған жағдай. Марленнің достары да қанышер жігіттер емес. Барлығың бала-шағасы бар. Байқаусызда болған жағдай. Бұл жерде ешқандай қан төбелес болмады, ешкім ешкімді жабылып ұрған жоқ. Негізі төбелесті  бастаған марқұмның бажасы, өзі ұрып жіберген. Барлық дәлел, видео - құқық қорғау органдарының қолында. 

Мені қарғап жүргендер, өтірік әнгіме таратып жүргендер және істің анық-қанығын біліп алмай, "ақшамен шешілді" деп, жалған ақпарат таратып жүргендер, ендігі шын ақпарат керек болса - Жылыой ауданы, Құлсары қаласынын полиция басқармасынан сұрасаңыздар, сіздерге толық видеоны, істің мән-жәйін барлығын көрсетеді. Марқұмның отбасынан кешірім сұрап сабырлық тілеймін, жатқан жері жайлы болсын", - деп аяқтады сөзін.

Бұл іске қатысты Stan.kz тілшісі Атырау облысы полиция департаментінен ресми жауап алған болатын. Марленнің ақталып шыққанын растаған баспасөз өкілі оның жәбірленуші тараппен бір ымыраға келгенін айтады.

"Оның ісі бейнетаспа негізінде 106 бабының 3-бөлігінен 293 баптың 93-бөлігіне қайта дәрежеленді. Бұл бап бұзақылық бойынша істі қарайды. Содан кейін жәбірленушілермен татуласуына байланысты іс тоқтатылды. Бұл ақталды деген сөз емес. Оның үстінен бәрібір қылмыстық іс қозғалды, бұзақылық бойынша қайта дәрежеленді. Сотқа дейін баратын еді, бірақ жәбірленушілер жағымен ымыраға келіп, татуласуына байланысты бұл жігітке қатысты іс тоқтатылған. Қамаудан босатылды. Бірақ заң жүзінде бұл адамды ақталды деп айта алмаймыз. Бұл кісі іске тартылғандар қатарында қалады", - дейді Атырау қаласы ПД баспасөз қызметкері Гүлназира Мұхтарова.

Еске салсақ, Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Құлсары қаласында 15 тамызда 35 жастағы ер адамның өлгені хабарлады. Осы іске қатысты Марлен Нұрғасеновпен бірге тағы үш адам іздестірілгенін бұған дейін жазған едік. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр