Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұмның туыстары күйеуін кінәлап отыр: Бішкекте 25 жастағы келіншек белгісіз жағдайда көз жұмды

7 шілдеге қараған түні Қырғызстан астанасы Бішкекте 25 жастағы Айтұрған Маматқұлова көз жұмды. Қыздың туыстары өлімге күйеуін кінәлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: T-media.kg

Қайғылы жағдайдан кейін қыздың күйеуі оның дәрі-дәрмек қабылдағанын, өліміне сол себеп болғанын айтты.

"Күйеуінің айтуынша, Айтұрған екеуі Ыстықкөлден қалаға келіп, қонақүйге орналасқан. Сосын күйеуі өз ісімен сыртқа шығып кеткен. Бір сағаттан кейін оралған ол төсекте жатқан Айтұрғаннан не болғанын сұраса, іші ауырып жатқанын айтқан. Сосын күйеуі қоқыс жәшігінен дәрілерді көрген, дереу жедел жәрдем шақырған. Сағат 00.30-да ауруханаға жеткізіліп, таңғы сағат 4.55-те қайтыс болған”, – дейді марқұмның туыстары. 



Сосын марқұмның денесі мәйітханаға жеткізіліп, сараптама жүргізілген.

“Заң бойынша туыстарын күтіп, содан кейін ғана мәйітке сараптама жасау керек. Өйткені оның күйеуімен некесі ресми түрде қиылмаған", – дейді марқұмның туыстары.

4-қалалық аурухананың бас дәрігерінің сөзінше, Айтұрғанды ауруханаға жеткізгенде ес-түссіз жатқан және тамыр соғысы болмаған. Ал күйеуінің айтуынша, Айтұрған аурухананың 3-қабатына көтерілгенде есін білген.

Марқұмның туыстарының сөзінше, қыздың күйеуінің әкесі Ошта заңгер екен. Олар бұл істі жауып тастай ма деп қорқады.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында ер адам сүйіктісін өлтіріп, денесін көлікжайда алты сағат сақтаған деген ақпарат тараған еді. 

Талқылау