AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұм әкесіне ән арнаған Нұрболат Абдуллин көзіне жас алды

Нұрболат Абдуллин марқұм әкесіне ән арнап, көзіне жас алды. Елдің жүрегін елжіреткен сәт әншінің сәуір айында жанды дауыста берген концертінде орын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Концерттің үзіндісін Нұрболат Instagram парақшасында жариялады. 

"Көңілім босаған сәт... Алғашқы шығармашылық кешімде анам әкеме сүйеніп отырғанына баладай куә боп ән салған едім. Бұл жолы анамның өзін ғана көргенде әкемді жан дүниеммен іздеп кеткенім рас. Сағыныш кеудеге сыймай көмейімдегі үнімнің шығуына сәл кедергі болғанын келген көрерменде сезіп, әр сәт сайын қолдау білдіріп отырды. Бұл құрметтеріңізден өзімді тез жинап алуға тырыстым. Жақындарыңызды жақсы көріп үлгеріңіздер! Рахмет, Әке!" – деп жазды Абдуллин. 



Көпшілік әншімен бірге жылап, оған қолдау көрсетті. 

"Сынба, мойыма, басыңды тік ұста, Алланың көзі түзу болсын", "Ең әлсіз жерім ӘКЕ еді, жылаттың-ау, талантты інім", "Көңілім қатты босап кетті. Әкелеріміз аман болсын. Анаңыз аман болсын", – деп жазды желі қолданушылары.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр