Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марк Цукерберг Илон Маскты қайталап, әлеуметтік желілердегі цензура мен фактчекті толық алып тастамақ

Meta негізін қалаушы Марк Цукерберг өзінің платформаларындағы цензураның шектен шығып кеткенін мәлімдеді. Енді компания фактчекерлерді пайдалануды тоқтатады және иммиграция, гендер мәселелерін талқылауға шектеулерді алып тастайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: NY Times

Цукерберг енді сөз бостандығын қайтаратынын айтты. Ол фактчекерлерді тым саяси бейтарап деп атады.

Қазір Meta-ның жаһандық саясатын басқаратын Джоэл Каплан компанияның тәуелсіз модераторларға сенім артуы жақсы ниетпен болғанын, бірақ тым көп зиянсыз мазмұнды цензуралап, шектен шығып кеткенін жазды.

Енді Meta корпорациясының Facebook, Instagram және Threads-те Twitter X-ке ұқсас қауымдастық жазбалары жүйесі болады. Жазбалардың дұрыстығын тексеру пайдаланушылардың өз еркінде болады, олар дизинформацияға ескертулер қоса алады және жазбаларды бағалауға болады.

Цукерберг түрлі елдердегі, соның ішінде Еуропадағы цензураны атап өтіп, АҚШ-ты сөз бостандығын аса қорғайтын ең жоғары деңгейі бар ел деп атады. Ол шетелдік үкіметтердің қысымына қарсы тұру үшін Трамппен бірге жұмыс істейтінін айтты.

Meta иммиграция, гендер және гендерлік сәйкестік сияқты сезімтал тақырыптарға шектеулерді алып тастайды. Цукерберг пікірі басқа адамдардың аузын жабуға болмайды деп санайды.

Сөзінше, автоматты сүзгілер енді тек терроризм, есірткі бизнесі және балаларды қанаумен күресу үшін қолданылады. 

Full Fact бас директоры Крис Моррис Meta-ның бұл өзгерісін "көңіл қалдыратын артқа қадам" деп атады, пікірінше, оның жағымсыз салдары болады.

Талқылау