Мария Агапова соңғы жеңісінен кейін жекпе-жектен шеттетілді
Қазақстан атынан UFC-ге шыққан алғашқы спортшы қыз Мария Агапова (10-2) "Колумбиялық патшайым" лақап атымен белгілі Сабина Мазомен (9-3) өткен жекпе-жегінен кейін спорттан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі MMA Junkie сайтына сілтеме жасап.
Мұндай шешімді Невада шатының Атлетикалық комиссиясы қабылдаған. MMA Junkie ақпаратына сәйкес, Агапова кездесу барысында мұрын сүйегін зақымдап алған. Осы себепті комиссия спортшыны 180 күнге жекпе-жектен шектеткен. Сонымен қатар Марияға 30 күн немесе дәрігердің рұқсатын алмайынша спарринг өткізуге болмайды.
Агапованың қарсыласы Мазоға 30 күн жекпе-жек, 21 күн спарринг өткізуге тыйым салынған.
Айта кетейік, спортшылар арасындағы кездесу UFC Fight Night 194 турнирі кезінде болған. Отандасымыз үшінші раундтың 53 секундында қарсыласын нокдаунға жіберіп, артынша қылқындыру әдісін қолданып, жеңіске жеткен болатын. Бұл – Агапованың UFC-дегі екінші жеңісі.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"