Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кір жууғыштың ішінде 20 минут айналған марғау тірі қалды

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласының тұрғыны 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшинесінің ішінде қалып кеткен марғаудың өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Пози есімді кішкентай мысық киім салынған кір жуғыш аппаратының ішіне кіріп кеткен. Ал оны байқамаған Кортни Драри есімді әйел қондырғыны іске қосып жіберіпті. 

22 жастағы бойжеткен мысықтың даусын естіп, біраз уақытқа дейін оның қайдан шығып жатқанын білмей, дал болыпты. Артынша марғаудың кір жуғыш мәшиненің ішінен байқап қалыпты. 

Алайда мысықты сыртқа шығарған соң, оның жүрегі тоқтап қалғандығы анықталған. Дегенмен бірнеше күн бұрын жүрек массажын жасауды үйреніп алған мысықтың иесі саспай, оны тірілтіп алып, артынша мал дәрігеріне алып барған. 

Дәрігер егер дер кезінде қыз көмек қолын созбағанда, марғау өліп қалатын еді деп айтыпты. 

Қазір мысықтың жағдай жақсарған. Ал Кортни болса, кір жуғыш аппаратының сыртыны ескерту жапсырып қоюды жөн көріпті. 

Талқылау