AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстаулық дәрігерлер қарақұрт шаққан тұрғынның өмірін құтқарып қалды

Маңғыстау облысында Құрық ауылының тұрғынын улы қарақұрт шағып, облыстық көпсалалы ауруханасында шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша науқастың жағдайы қазір тұрақталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” порталына сілтеме жасап.

Оқиға 28 маусымда Құрық ауылында сағат 03:00 шамасында болған. Ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізіліп, оған уақытылы медициналық көмек көрсетілген.

“50 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне ауыр халде жеткізілді. Біздің дәрігерлер қарақұрт уына қарсы дәріні уақытында енгізіп үлгерді. Кейін ер адам жансақтау бөліміне ауыстырылды. Қазіргі уақытта өрмекшінің уынан зардап шеккен адамның жағдайы тұрақты”, - деді қабылдау бөлімінің меңгерушісі Биздібай Аймокенов.

 



Дәрігерлер маңғыстаулықтарды сақ болуға шақырады. Бұл биылғы жылы қарақұрттың алғашқы шағуы. Сонымен қатар мамандар маусым айында бұл өрмекшілердің көбейетін, ал келесі айда олардың уларының уыттылығы күшейетінін жеткізді. Сонымен қатар қарақұрт уының жылан уынан 15 есеге күштірек екенін жеткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр