Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда сот мұнайшылардың ереуілін заңсыз деп таныды

Маңғыстаудағы мұнай компаниясының қызметкерлері 23 қазанда жұмысын тоқтатып, ереуілге шықты. Сотта наразылық акциясы заңсыз деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, "Caspian Drilling LLP" компаниясы жұмысшылардың ереуілін заңсыз деп тану туралы шағым түсіргенін.

Ереуілге шыққан мұнайшылар бұрын жұмыстан босатылған әріптестерін жұмысқа қайтару, жалақыны 50%-ға көтеру және Мұнайшылар күніне жалақыларының 100%-ы көлемінде үстемеақы төлеу туралы шарт қойып, жұмыстарын тоқтатқан. Осы шарттармен қатар директордың орынбасары мен департамент басшысын қызметінен босату талабы да қойылған.

"Шағымданушы өз талап-арызында ереуіл еңбек заңнамасын бұза отырып өткізілгенін көрсетеді: жұмысшылардың талаптары, оның басталуы мен ұзақтығы туралы жазбаша хабарлама жоқ, жұмысшылар конференциясы өткізілмеген. Сондай-ақ, ереуіл қауіпті өндірістік нысанда өткізілген", – делінген сот хабарламасында.

Маңғыстау аудандық соты ереуілді заңсыз деп таныды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау