Маңғыстауда 11 жасар қыз ұйықтап жатып екі әпкесін пышақтап тастады
Маңғыстауда кәмелетке толмаған қыз ұйқы хәлінде әпкелерін пышақтап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметінше, 2023 жылғы 14 сәуірде сағат 04:30 шамасында полицияға Ақшұқыр ауылындағы үйлердің бірінде пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілген.
Белгілі болғандай, 11 жастағы кәмелетке толмаған қыз ұйқы хәлінде (айкезбе) өзінің 19 және 12 жастағы әпкелерін үстел пышағымен пышақтап тастаған.
"Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Біреуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылды, екіншісі әлі ауруханада. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді", – делінген Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәлімдемесінде.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"