Маңғыстау тұрғыны аязда қатып қалған қоқиқаздарды көрсетті
Маңғыстау тұрғыны Бейнеу ауданында қатып қалған қоқиқаздарды суретке түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Фото авторының айтуынша, 24 ақпан күні ол мал іздеп Бейнеу ауданындағы Сарша темір жол бекетіне барған. Жолда оған қатып қалған құстардың тобына кезіккен.
"Олардың осындай аяздан қатып қалғаны байқалады. Мен оларға үш метр қашықтыққа дейін жақындаған кезде, олар үлкен қиындықпен ұшуға тырысты", - деді сурет авторы.
Сонымен қатар, қала тұрғындары Қаракөл көлінде де қоқиқаздарды суретке түсірді. Олар Rixos қонақ үйінің артында, жолға жақын, жағалауларға топтасып жиналады.
Қызғылт қоқиқаздар Қаракөлдегі суыққа төзімді, өйткені су МАЭК-тің жылу электр станцияларынан шығарылады және ол жылы болады.
Қаракөл көліндегі қоқиқаздардың қыстағанын қала тұрғындары бірнеше жылдан бері бақылап келеді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды
