Маңғыстау облысында жүзден аса суқұзғынның өлексесі табылды
Маңғыстау облысы Форт-Шевченко ауданында 160-қа жуық суқұзғынның өлексесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

"160-қа жуық өлі суқұзғын Баутино мен Аташ ауылдары маңындағы жағалаудан табылды", – деді Маңғыстау облысы аймақтық ауыл шаруашылығы мен жануарлар әлемі инспекциясы аңшылық шаруашылық бөлімінің басшысы Тұрғанбай Шапағатов.
Құстар бірнеше күн бұрын соққан қатты дауыл салдарынан өлуі мүмкін екен.
"Құс Қызыл кітапқа енбеген, оған аңшылыққа да шықпайды. Мамандар су мен ауа сынамасын алды. Нәтижесі келген соң бірден хабарлаймыз. Біздің болжамымызға сәйкес, құстардың қырылуына екі-үш күн бұрын соққан қатты дауыл себеп болуы мүмкін", – деді Шапағатов.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"