Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты
Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысындағы Бейнеу – Сай-Өтес тас жолында болған жантүршігерлік жол апаты түсірілген фото жарияланды. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 6 ақпан күні қала сыртындағы жолда Toyota Camry мен КамАЗ соқтығысқан.
"Соқтығыс салдарынан Toyota Camry көлігінің төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл көліктің жүргізушісі дене жарақаттарымен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Фото: t.me/ladakz
Полиция мәліметінше, жол апаты 6 ақпанда болған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен