Маңғыстау облысында "Өзенмұнайгаз" директорының бұрынғы орынбасары ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі "Өзенмұнайгаз" АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары, қазір "Қаражанбасмұнай" АҚ Бас директорының орынбасары Ермек Қарамырзаевтың ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттік мәліметінше Қарамырзаев "КЕЗБИ" ЖШС-нің және "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланған деген күдікке ілінде.
“Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған. Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол "КЕЗБИ" ЖШС-ні компаниясы үшін ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша көрінеу қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті”, – делінген ақпаратта.
Қарамырзаев осылайша "КЕЗБИ" ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, мыңнан астам қызметкердің құқықтарын бұзды, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырды деп айыпталды.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті лауазымдық өкiлетін асыра пайдалан деген күдікпен "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаевты ұстаған еді.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады