Маңғыстау облысында кортеж жалдаған мектеп түлектері жазаланды
Маңғыстау облысында мектеп түлектері кортеж жалдаған. Қазіргі таңда көлік жүргізушілері мен оқушыларды қосқанда 16 адам жазаланып, олардың көліктері айыппұл тұрағына жеткізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланған. Бейнежазбада көңіл көтермекші болған оқушылардың көлік терезесінен шығып алғаны байқалады. Десек те бұның арты әкімішілік жазаға бір-ақ ұласыпты. Заң бұзғаны үшін олардың әрбірі 27 мың теңгелік айыппұл арқалаған.
"Ереже бұзған жүргізушілер 18-25 жас аралығында. Оларға екі бап бойынша айыппұл салынды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған және көлікті құжатсыз басқарғандары үшін жауапқа тартылды. Яғни кейбірінде сақтандыру полисі немесе жүргізуші куәлігі болмаған", - деді Айгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облыстық ПД баспасөз-хатшысы.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”