Маңғыстау облысында карантиндік шаралар күшейтілді
Маңғыстау облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа енуіне байланысты өңірдің бас мемлекеттік-санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа қаулыға сәйкес сенбі және жексенбі күндері азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың қызметі шектеледі. Сондай-ақ, спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары мен фитнес орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді.
Мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, бизнес-орталықтар және басқа да офис қызметкерлерінің 80% қашықтан жұмыс режиміне және 20% күндізгі жұмыс режиміне ауыстырылады.
Балабақшалар 15 баладан аспайтын кезекші топтармен жұмыс істейді. Супермаркет, гипермаркет жұмысы кешкі сағат 23:00-ге дейін жалғасады. Қоғамдық тамақтану орындары 20:00-ге дейін ашық болады.
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады