Маңғыстау облысында ірі көлемдегі есірткі партиясы тәркіленді
Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы "Қарасора – 2023" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 29 жастағы тұрғынды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Фото: polisia.kz
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, тінту барысында күдіктіден 31,70 грамм мефедрон бар 33 байлам тәркіленді.
"Автокөлік пен пәтерді тінту кезінде тағы 212 байлам мефедрон тәркіленді. Сонымен қатар құрамында псилоцибин бар 5 байлам галлюциногенді саңырауқұлақтар табылды. Күдікті есірткіні жасырған тағы бір орынды өз еркімен көрсетіп, ол жерден де 532,34 грамм мефедрон тәркіленді. Барлығы 768,38 гр амм мефедрон және 165,43 грамм псилоцибин тәркіленді", – деп хабарлады ПД өкілдері.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр