Маңғыстау облысында екі кішкентай бала құдыққа құлап, суға батып кетті
Маңғыстау облысында екі кішкентай бала құдыққа құлап, суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 21 желтоқсан күні күндіз Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округіндегі жеке үйде болған.
Алты және он бір жастағы бауырлар тереңдігі 2 метр болатын ауыз құдыққа құлады. Сол кездегі су деңгейі 1,8 метр болды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі