Маңғыстау облысында 36 шенеунікке айыппұл салынды
Маңғыстаулық шенеуніктерге жалпы сомасы бір миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24 хабар арнасына сілтеме жасап.

Олардың арасында аудан, қала әкімдіктерінің мамандары мен облыстық басқарма басшылары бар.
Тексеру нәтижесінде былтыр 36 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Рұқсаттар беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны, сондай-ақ негізсіз бас тартуы үшін барлығы 33 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
“Біз олардан бір миллион екі жүз мың теңгедей ақша жинадық. Бізде, әрине, жер қатынастары саласында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында, сәулет және құрылыс саласында, денсаулық сақтау саласында заң бұзушылықтар бар. Құқықбұзушылықтардың көбін Ақтау қаласы, Түпқараған және Қарақа аудандарының әкімдігінде анықтадық”, – деді Маңғыстау облысы бойынша ҚӘК басқармасының басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды