Маңғыстау облысында 17 метрлік шырша өртеніп кетті (видео)
Маңғыстау облысында биіктігі 17 метр болатын шырша өртенді.
Интернетте Маңғыстау облысында биіктігі 17 метрлік шыршаның өртенгені туралы видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еске сала кетейік, оқиға 1 қаңтарда Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылындағы орталық алаңда болған. Өрттің алдын-ала себебі сымдардың қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 06.10-да Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында орталық алаңда 17 метрлік шырша өртенді. Өрт сөндірушілер сағат 06.25-те өртті тоқтату шараларын қабылдады. Зардап шеккендер мен жараланғандар жоқ», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Таразда дәрігерді пациентінің бұрынғы күйеуі ұрып өлтірді деп айыпталды
Марқұмның туыстары күдіктінің бәрі жауапқа тартылуын сұрап отыр
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды