Мамандар есте сақтау қабілетін арттырудың ең тиімді жолын айтты
Есте сақтау қабілетінің нашарлауы – денсаулығыңыздың сыр бергенін білдіретін бірден бір фактор. Алайда дәрігерлер мұның алдын алуға болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Россия 1 телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Реабилитолог маман Сергей Агапкиннің айтуынша, жаңа ақпаратты есте сақтау когнитивтік процестер кешенінің нашарлау қаупін барынша азайтады.
“Есте сақтау қабілетін жаттықтырудың ең тиімді әдісі – тіл үйрену. Сондай-ақ ол тілдің адамның өзіне бейтаныс әрі өзі білетін тілдерге ұқсамауы маңызды”, – дейді дәрігер.
Тіл үйренуге күніне 30-60 минут уақыт бөлсе жеткілікті. Бұл пайдалы істі физикалық жаттығулармен байланыстырған жөн. Мысалы, тіл үйреніп, жаңа сөздер жаттап жүріп серуендеген абзал.
Дәрігерің айтуынша, миды осылай үнемі жаттықтырса екі апта ішінде оң нәтижеге жетуге болады.
Сонымен қатыр, сурет салу, көзге арналған жаттығулар жасау, жалаң аяқ жүру сияқты әдеттер де есте сақтау қабілетін арттыруға көмектеседі.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"