Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар ең радиоактивті жемісті атады

Құрамындағы радиоактивті элемент бананды қауіпті жеміске айналдырады. Бұл туралы Пекин астронавтика және аэронавтика университетінің ғалымдары Чжан Сяотянь мен Ляо Цзе мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

банан

Ғалымдардың айтуынша, бананның құрамында қарапайым калийден бөлек оның изотопы калий-40 бар. Ол – денсаулыққа зиян келтіретін сәулелерді иондармен қанықтырушы.

Дегенмен банан құрамында радиоактивті заттар аз мөлшерде кездеседі. 

"Бір бананды жеу кезіндегі радиация көлемі 0,0778 микрозиверт. Бұл өте аз. Мысалы, кеуде қуысының компьютерлік томографиясы 70 мың бананға тең", - деп келтірді ғалымдар. 

Кез келген заттың радиоактивтілігін өлшеу үшін ғалымдар "банан бірлігін" қолданады. Мәселен, атом электр станциясының рұқсат етілген әсері жылына 2,5 мың жемістен көп болмауы керек, ал 35 млн жеміс адам өміріне өте қауіпті. 

Қорыта келе ғалымдар радиоактивті сәулелердің кез келген жерде бар екенін айтады. Әсіресе рентгендік және компьютерлік томографияда. Сонымен қатар адам шылым шеккен кезде де сәулеленуге ұшырайды. Себебі темекі құрамында бананнан да қауіпті полоний-210 мен қорғасын-210 радиоактивті заттары бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр