Мамандар аптап ыстықта қандай жеміс жеу керегін айтты
Аптап ыстықта құрамындай калий көп жемістер жеу керек. Себебі ыстық кезде ағзада калий жетіспеушілігі туындайды екен.

Бұл туралы Мемлекеттік ауыл шаруашылық өнімдері, шикізат және азық-түлік инспекциясының мәскеулік басқармасының басшысы Нина Зайцева айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Нововсти» басылымына сілтеме жасап.
«Жазда күн қатты ысығанда адам көп терлеп, салдарынан калий жетіспеушілігі туындауы мүмкін. Пайдалы заттар жетіспеушілігін қалпына келтіру үшін, мамандар құрамында калий көп балғын жеміс-жидекті жеуге кеңес береді», - дейді Зайцева.
Сонымен қатар маман шабдалы, сары өрік, қарақат, банан мен ананастың құрамында калий көп екенін айтты.
«Дәрумендер кешенін, сондай-ақ денсаулыққа пайдалы микро және макроэлементтерді алу үшін, олардан жеміс салатын жасауға болады», - дейді маман.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі