Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман үй ішіндегі розеткалардың қауіпін айтты

"Өмір сүру ортасының экологиясы" лабораториясының директоры Антон Ястребцев адамдарға розетканың қауіптілігін түсіндірді, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, адам үнемі электромагниттік сәулеленуге тап болады. Ол адам ағзасына зиянды, соның ішінде орталық жүйке жүйесіне теріс әсер етуі мүмкін, эндокриндік, жүрек-тамыр және иммундық жүйелерге қауіпті. Электромагниттік сәуледен құтылуы өте қиын.

Егер розетка төмен орналаспаса, оған қосылған кез келген құрылғы зиянды сәуле шығарады. Мұндай розеткаға қосылған кез келген құрылғы электромагниттік сәуле шығаратын көз болатындығын атап өтті.

Сондықтан ұзартқыш, сымдардың бір-бірімен байланысуына жол бермей және бір уақытта бірнеше құрылғыны қоспауға тырысқан дұрыс, дейді маман.

Сонымен қатар, пәтердегі радиацияның ең күшті көзі - бұл пәтердің электр тарату панеліне өтетін сыртқы кабель. Маман ұйықтайтын орындарды розеткадан кемінде үш метр қашықтықта орналастыруды ұсынады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр