Маман таңғы ас ішпеу қандай зардапқа әкелетінін айтты
Дәрігер-эндокринолог Мария Калошина адам таңғы ас ішпесе қандай зардапқа тап болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маман диета ұстаған кезде де таңғы асты жіберіп алмауды үсынды. Өйткені бұл түскі ас кезінде әдеттегіден көп тамақтану қаупін тудырады, дейді.
"Таңғы астың калория мөлшері жалпы диетаның шамамен 35 пайызын құрауы керек", – деді маман.
Сонымен қатар Калошина салмақ жоғалтқан кезде аштық пен шөлдеу арасындағы айырмашылықты сезінуді үйрену маңызды екенін айтты.
Статистикаға сүйенсек, тамақтанғысы келетіндердің 80 пайызы шынымен шөлдейді, дейді дәрігер
Сезіміңізді тексеру үшін 200 миллилитр су ішіп, біраз уақыттан кейін жағдайыңызды талдау ұсынылады.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі