Маман күзге арналған ең пайдалы өнімді атады
Фото: freepik.com
Терапевт Анастасия Якимова күзге ең пайдалы өнімді атады. Оның сөзінше, бұл мезгілде қырыққабатты көбіреу тұтынған жөн. Себебі ол С дәруменіне бай, ал шырынының қабынуға қарсы әсері бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маманның сөзінше, қырыққабат құрамында лимонға қарағанда С дәрумені көбірек.
"Күздің басты өнімі – қырыққабат. Оның құрамында лимонға қарағанда көбірек С дәрумені бар. Ал 100 грамында тәуліктік норманың 70%-на дейін кездеседі", – деді дәрігер.
Оның айтуынша, қырыққабат шырынын жараларды жазу және асқазан қабынуларын емдеу үшін қолданған.
"Жаңа қырыққабат жапырақтарының құрамында С, К, В тобы дәрумендері, органикалық қышқылдар, микробтарға қарсы тұратын фитонцидтер бар. Қырыққабат жапырағы ауырсынуды басып, ісікті қайтаруға қабілетті деп саналған. Қазір зерттеулер қырыққабат шырынының қабынуға қарсы әсерін растайды. Алайда бұл құрал толыққанды медициналық емдеудің орнын баса алмайды", – деді Якимова.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген