Маман ер адамның денсаулығына зиян өнімдерді атады
Уролог-андролог Алексей Моисеенко дұрыс тамақтану репродуктивті денсаулықты сақтауға және әртүрлі аурулардың алдын алуға көмектесетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Depositphotos
Маман ер адамдарға ең зиянды өнімдерді атады. Моисеенконың айтуынша, майлы өнімдер, қант пен тұзға бай фастфуд ерлердің денсаулығына зиян.
“Бұл тағамдарды тұтыну семіздік, жүрек және қан тамырлары ауруларының, простатит пен қант диабетінің дамуына себеп болуы мүмкін. Өңделген ет өнімдерінде (шұжық, бекон) көп мөлшерде тұз, май, консерванттар мен канцероген бар. Бұлар қуық асты безінің және басқа да қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін арттырады", – деді дәрігер.
Сондай-ақ дәрігер алкогольді көп тұтыну репродуктивті денсаулыққа зиян екенін айтты.
“Алкоголь тұтыну сперматозоидтардың сапасын төмендетіп, белсіздікке ұшырау қаупін арттырады. Күнделікті тұтынатын тағамнан тәтті сусын мен ақ нанның мөлшерін азайтқан жөн. Себебі бұл өнімдерде көмірсулар көп. Оларды шамадан тыс тұтыну метаболикалық бұзылуларды тудырады”, – деді маман.
Айта кетейік, бұған дейін Каталония ашық университеті медицина факультетінің профессоры, тамақтану бойынша сарапшы Ампаро Гамеро кей өнімдерді тоңазытқышта сақтамауға кеңес берген еді.