Маман бас ауруын жазудың жолын ұсынды

Ароматерапевт Ирина Добрянская эфир майлары иіс сезу қабілетіне әсер етіп, стресті, мазасыздықты және бұлшықет түйілуін азайтуға көмектесетінін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Cарапшы кез келген бас ауруын жазатын әмбебап шешім жоқ екенін, бірақ бірқатар майлардың тиімді екенін атап өтті. Мысалы жалбыз салқындатқыш әсері арқасында бас ауруының көптеген түрлеріне көмектеседі, ал лаванда стресс пен ұйқының бұзылуына байланысты мигреньге тиімді. Рим түймедағы ашушаңдықты азайтады, розмарин психикалық шаршау мен қан қысымының төмендеуіне көмектеседі, ал лимон пульсациялық ауырсынуды басады.
Сарапшы эфир майларын сақтықпен қолданудың маңызын атап өтті. Тек синтетикалық қоспалары жоқ табиғи өнімдерді қолдану керек. Ал жалбыз бен розмарин жүкті әйелдер мен алты жасқа толмаған балаларға болмайды. Артық дозасы жүрек айну және бас ауруының күшеюі сияқты жанама әсерлерді тудыруы мүмкін.
Бас ауруы – қазіргі заманғы адамдарда ең көп таралған мәселелердің бірі. Олар стресс, бұлшықет тырысуы, тамыр реакциялары және басқа да факторларға байланысты болуы мүмкін.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты