"Мама, кетпеші": Сәкен Майғазиев өзін жылатқан қызды көрсетті (видео)
Сәкен Майғазиев өзін жылатқан қызды көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айым есімді кішкентай қыз Мәншүк Мәметованың анасымен қауыша алмай қалғандағы монологын оқыған. Алайда, ол сасқалақтап, сөзін ұмытып қалады. Дегенмен, өнер иесі "Осыдан артық не керек?" деп Айымға қолдау көрсеткен.
"Бәрімізді жылатты. Өнерің өрге бассын, балапаным", - деп жазды Сәкен Майғазиев.
Белгілі өнер иесінің көзіне жас алдырып, ішкі сезімдерін оятқан Айым биыл екінші сыныпқа көшіпті. Жас өнерпаздың іріктеуден өткені белгілі болды. Бұл туралы қыздың анасы желідегі парақшасында сүйінші сұраған.
"Аллаға шүкір. Айым қыздарыңыз іріктеуден өтті. Құттықтай берсеңіздер болады", - дейді Жазира Мешітбаева.
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды