Мәлік Олжабеков Цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мәлік Серікұлы Олжабеков ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлік Олжабеков 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
КИМЭП университетін және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы "Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы" АҚ кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімінің менеджері қызметінен бастады.
2012-2017 жылдары — "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2017-2019 жылдары — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары.
2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды.