Малайзиялық ірі әуе компаниясы Қазақстанға тікелей рейстер ашпақ
Малайзиялық Air Asia X әуе компаниясы Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейсін ашпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: airasia.com
Бұл туралы көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті мәлімдеді. Енді аптасына 4 рейс Куала-Лумпур – Алматы бағытында ұшатын болады.
"2024 жылдың 1 ақпанынан бастап малайзиялық Air Asia X әуе компаниясы Куала-Лумпур – Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі) А-типті ұшақтарда тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр, – делінген хабарламада.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Қазақстан мен Малайзия арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Компанияның флотында А-320, А-320нео, А-321нео және А-330 үлгідегі 270-тен астам ұшақ бар.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"