Малави вице-президенті мінген ұшақ апатқа ұшырап, барлық жолаушы қаза тапты
Малави вице-президенті Саулос Чилима мінген ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылар түгелдей қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото ашық дерекөзден
Ел президенті Лазарус Чаквераның айтуынша, сарбаздар Чикангава орманында іздеу жұмыстарын жүргізді. Салдарынан ұшақ толығымен жойылып, тірі қалғандар қалмаған.
Лазарус Чаквера қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты.
Бұған дейін Малави қорғаныс күштерінің ұшағы 10 маусымда таңертең Лилонгве астанасынан шыққаннан кейін радардан жоғалып кеткені белгілі болды. Ол елдің солтүстігіндегі Мзузу халықаралық әуежайына жергілікті уақыт бойынша 10.00-де қонуға тиіс еді. Әуе кемесінде елдің бұрынғы бірінші ханымы Шанил Джимбири де болған.
Саулос Чилиме 51 жаста, 2014 жылдан бері елдің вице-президенті. Оның артында екі баласы қалды.
Малави – 1964 британиялық колония болған Оңтүстік шығыс Африкадағы ел.
Таразда дәрігерді пациентінің бұрынғы күйеуі ұрып өлтірді деп айыпталды
Марқұмның туыстары күдіктінің бәрі жауапқа тартылуын сұрап отыр
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды