Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мал қораға кіргендей болдық": Ырысбала Икрамбай 43-баспанаға ие болған көпбалалы анаға шүйлікті

Танымал блогер, қайырымдылықпен айналысып, халыққа баспана сыйлап жүрген Ырысбала Икрамбай ашынған жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Блогер халықпен бірге сыйлаған үйдің адам танымастай өзгергенін айтады. 

“Ешкім тұрмаған су жаңа үйді сыйладық. Барлық үйге қажет дүниелерді сатып алдық. Мен базар аралаудан, үй іздеуден жалыққан емеспін. Бірақ мынау үй ме, мал қора ма?! Біз табыстағанда қандай болды?! Үй газбен жылитын болған. 3 әлде 4 баланы интернатқа өткізген, басқасы қараусыз, аш, жалаңаш. Мына балалардың іздеушісі, сұраушысы бар ма? Әкесі өлсе де әкесінің ұрпағы деп қарайтын жанашыр адам бар ма алып кетіп араша түсетін?! Бір күні аштан-аш өлтіреді. Халықтың садақасына алынған үйдің обалы кімге?! Маған араласпа, сен кімсің, халық алды үйді дедіңіздер. ...Үйді қиратып, тастанды, қоқыс қылса да үндемеуім керек пе?! Обал емес пе, елдің садақасынан жиналған ақша ғой?! Дайын үйді тазалап ұстау қолынан келмесе, өзі туған балаға жаны ашымаса, ана деуге келе ме?" – деп ренжіді ол. 



Сондай-ақ блогер не үшін үйдің қабырғасы ылғалданып, көктеп кеткенін түсіндірді. 

“Газбен жылитын үй болғасын, өмір бойы ошақ жаққан әйел ғой деп қатып қалған суын жөндеп беріп кеткенбіз. Оны сіздерге айтқан жоқпын. Үйдің кіреберісінде бөлме бар. Газ бен судың токтары жалғанған. Балалары кішкентай болғасын қауіпсіз болсын деп арнайы жасаған едік. Соны ашып көрмеген. Қыста су қатып қалған. Содан үй ылғалданып, көгеріп кеткен”, – деп түсіндірді блогер. 

  Фото Ырысбала Икрамбайдың Stories-і.

Еске салайық, Ырысбала қайырымдылық жасауды тоқтататынын айтқанын жазған едік. 

Талқылау