Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақсат Толықбай: Алаңға шыққанның бәрі "террорист" емес

Қазақстандық журналист Мақсат Толықбай елде болған қайғылы жағдайға қатысты ойын ортаға салды. Журналист алаңға шыққан жазықсыз жандар жазаланып кетпесе деп алаңдайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Алаңға шыққанның бәрі "террорист" емес. Қаңтардың бесіне қараған түні Алматыға ұшып барып, "Алматы аренаның" маңына жиналған елдің арасында біз де жүрдік. Жаңаөзендіктерді қолдап, бейбіт шеруге шыққан халықтың қарасы көп болды.

Жазықсыздар "лаңкес" атанып кетпесе екен деймін. Тергеу әділ жүргізілсін! Ал қандықол қылмыскерлерді және жоспарлы түрде күштік құрылымдарды құрал ретінде пайдаланып, мемлекетке сатқындық жасағандарды аяусыз, қатаң жазалау керек!”, – деді ол парақшасында.

Күні кеше мемлекет басшысы тапсырған өзгерістер хақында да, үкіметтің жаңа құрамы жайында да айтып өтті. Ескі кадрлардың жаңа орындарға тағайындалғанына да көңілі толмағандай. 

“Бүгін президенттің үндеуінде қамтылмаған сала қалмады. Енді нақты қадамдар күтеміз. "Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталды" деген ұрандар ұран күйінде қалса, халық тағы да көшеге шығуға мәжбүр болады.

Жаңа саясатты ескі кадрлар қалай жүргізеді? Уақыт көрсетеді. Олигархтармен күресе алмаса, таяқ айналып өздеріне тиеді.

Парламент те жаңарған Қазақстанға сай болу керек. Депутаттық сауалдарға үкіметтің бір парақ қағазбен қайтаратын жауабын місе тұтуды доғару қажет. Парламенттің рөлі, құзіреті қолдан немесе заңмен күшеймейді. Депутаттар, бәрі өздеріңіздің табандылықтарыңызға байланысты. Халықтың мұңы алаңда емес, парламенте айтылу керек”, – деді журналист.


Талқылау