Танымал украиналық әнші Макс Барских Ресейде әндерін пайдалануға тыйым салды
"Украинада соғыс ұйымдастырған елде әндерімнің шырқалғанын қаламаймын". Танымал украиналық әнші Макс Барских Ресейде өз әндерін пайдалануға тыйым салды. Сондай-ақ ол концертіне билет сатып алған ресейліктердің ақшасын кері қайтарудан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ Барских РФ-ның цифрлық кеңістігінен өз әндерін толық алып тастайтынын мәлімдеді. Ол барлық украиналық әншілерді өзіне қосылуға шақырды.
Дәрігер Комаровский: Қазақстанның болашағы қазір Украинада анықталуда
Бұдан бөлек, 32 жастағы әнші Ресейде жоспарланған барлық концерттерін болдырмай тастап, ән кешіне билет сатып алған ресейліктердің ақшасын кері қайтарудан бас тартты. Қаржы Украинаға гуманитарлық көмек ретінде жұмсалатынын мәлімдеді.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты